Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйелі еңбек жемісі

Жүйелі еңбек жемісі

Сәрсенбі күні облыс орталығында егін жинау қорытындысымен дала еңбеккерлеріне арналған дәстүрлі «Алтын дән-2020» шарасы өтті.
Жиынға облыс әкімі Гүлшара Наушақызы, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Әбдіқалықұлы және онлайн режимде Қызылорда қаласы мен аудандардан 300-ге жуық шаруашылық өкілдері қатысты.
– Ауыл шаруашылығы ел экономикасының қозғаушы саласы. Сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасты.
Биыл өңірде су тапшылығының туындауына қарамастан күріштің әр гектарынан орташа 61,8 центнерден өнім алынды. 551 мың тоннадан астам Сыр күріші ел қамбасына құйылып, кезекті рекордтық көрсеткіш жаңартылды, – деді аймақ басшысы.
Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты шара барысында ауыл шаруашылығы бағытында мол табыс түсіретін секторлардың даму қарқыны туралы тілге тиек етті. Алдағы жылы Қазалы ауданында жаңбырлатып суару тәсілімен 87 гектар жүгері егу жоспарланып отырғанын айтты.
Мерекеде облыс әкімі осы кәсіптен нәпақасын тауып, көптің несібесін арттырған азаматтарға алғысын жеткізіп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін 27 номинациямен марапаттады. Оның ішінде үздік аудандар мен агроөнеркәсіп саласының озаттары бар. Аймақтың ауыл шаруашылығы саласын дамытуда сүбелі үлес қосып, маңдай терін төгіп, қажырлы еңбек еткен егінжай ерлері қашанда мақтауға лайық.
Ақжолтай жаңалық – салтанат үстінде жыл қорытындысымен өңдеу саласы бойынша Қазалы ауданы «Озат аудан» номинациясын иеленді. Бұл қарапайым дала еңбеккерлерінің ала жаздай еткен еңбегі мен төккен терінің жемісі, ризық несібесінің нәтижесі.
Сонымен қатар аталған шарада марапат төрінен көрінгендер қатарында «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бригадирі Балғазы Томай, «Жеңіс» шаруа қожалығының жетекшісі Есет Серимов, «Шекер» шаруа қожалығының жетекшісі Ермек Арықбаев пен «Сыр маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақсары өсірушісі Берікжан Жанбалаевтар болды.
А.БАҚЫТҰЛЫ
31 қазан 2020 ж. 926 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930