Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырдария өзенінен келер қауіптің беті қайтты

Сырдария өзенінен келер қауіптің беті қайтты

Бұған дейін біршама қауіп төндірген Сырдария арнасы мұз қата бастағалы қалыпты жағдайға көшті. ҚазАқпарат тілшісі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мамандарына жолығып бүгінгі ахуалды білген еді.  
Инспекция мамандарының айтуына сүйенсек, бүгінде бас қойма саналатын қырғыз ағайындардың жеріндегі Тоқтағұлда 17 млрд 100 млн текше метр су жиналып тұр. Одан төмен қарай секундына 676 текше метр босатылуда. Шардарадағы бүгінгі су қоры 2 млрд текше метрді құрайды. Бұл әлі де 3 млрд текше метрден астам су  алу мүмкіндігі барын көрсетеді. Оған секундына 785 текше метр су  келсе, төмен қарай 700 текше метр түсуде. Көксарай су реттегіші  секундына 300 текше метр су қабылдап жатыр. Қазірде онда 900 млн текше метр су тұр. Бұл да су реттегіштің қабылдау мүмкіндігі әлі де жоғары екенін көрсетеді. Арыс өзенінен дарияға 46 текше метр су қосылуда. Осы күндері Қызылорда су торабынан секундына 510 текше метр су өтуде. Дариядағы мұздың қалыңдығы әзірге 10-12 сантиметрді құрайды. Су мұз астымен жүріп жатқандықтан қауіп жоқ,- дейді мамандар.
30 қаңтар 2018 ж. 1 428 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930