Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста су тапшылығын болдырмау үшін күріш алқабын қысқарту керек - облыс әкімі

Облыста су тапшылығын болдырмау үшін күріш алқабын қысқарту керек - облыс әкімі

Қызылорда облысында күріш алқабының 80-85 мың гектарын сақтап қалып, қалғанын басқа дақылдар үшін пайдалану керек. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Apta» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғызстандағы Тоқтоғұл су қоймасында былтыр 18 млрд. текше метр су болса, биыл 12 млрд. текше метр ғана су болды. Сол сияқты Өзбекстаннан келетін су біздің Шардарада су қоймасының мөлшері былтырғымен салыстырғанда 1,1 млрд. текше метрге аз болған. Жазғы уақытта егіс егілген соң қиындықтар болды, сол себепті егістікті суғаруды қол режимінде басқаруға тура келді. Экология және табиғатты қорғау министрлігіне көп рахмет айтамыз. Күнде таңертең жұмысты солармен бастап, суды реттеп отыруға тура келді. Біздің кәсіпкерлер мен егіншілерімізге де рахмет айтқым келеді. Оларға суды кезек-кезек беріп отырдық.
Мысалы, күнде секундына ең кемінде 550 текше метр су келуі керек болса, ол 450 текше метрге дейін түсіп кеткен кездері болды», - дейді Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Оның айтуынша, биыл өңірде егіс жақсы шыққан. Атап айтқанда, биыл 551 мың тонна күріш жиналды. Бұл былтырмен салыстырғанда 15 мың тоннаға көп. «Егісте де әртараптандыру мәселесі бар. Мысалы, күріштің 1 гектарына 33 мың текше метр су қажет, ал тура осындай көлемдегі суды 10 мың гектарға егілген қызанаққа да жұмсауға болады. Күріштің 1 гектарынан 650 мың теңге кіріс болса, қызанақтың 1 гектарынан 25 миллион теңгеге дейін кіріс алуға болады. Бұл көрсеткішті жоңышқамен де, басқа да дақылдармен салыстыруға болады. Сондықтан біз кәсіпкерлер, егіншілермен бірге ойланып, күріш алқабының 80-85 мың гектарын сақтап, қалғанын басқа дақылдар үшін пайдалану керек деп түйдік», - дейді ол.

26 қазан 2020 ж. 702 0

Халық саны артты

09 ақпан 2025 ж. 166

Жаңа тағайындаулар

09 ақпан 2025 ж. 222

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728