Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатаң карантин енгізілсе, халық әлеуметтік төлем ала ма?

Қатаң карантин енгізілсе, халық әлеуметтік төлем ала ма?

Министр Біржан Нұрымбетов  қолға алынатын шаралар мен төленетін қаражат мөлшері туралы айту әзірге ерте деп санайды. Коронавирус індетінің екінші толқынына байланысты қатаң карантин жарияланатын болса, үкімет жұмыссыз қалған қазақстандықтарға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
БАҚ өкілі министрден желтоқсанда қатаң шектеу шаралары енгізілген жағдайда, әлеуметтік төлем төлеуге қаржы қарастырылған ба деп сұрады.
"Бұған дейін менің әріптесім – денсаулық сақтау министрі эпидемиологиялық жағдайға қатысты бірнеше сценарий ұсынғанын білесіздер. Бірақ қазір ол болжамдардың қайсысы болатынын білмейміз. Егер сол сценарийлердің біреуі орын алып жатса, әрине, үкімет тарапынан міндетті түрде экономиканы, бизнесті, халықты қолдау шаралары қабылданады", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.
Ол қолға алынатын шаралар мен қаражат мөлшері туралы айту әзірге ерте деп санайды. Десе де, министр үкіметте ақша табылады деп сендірді.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус індетінің өршуінің үш сценарийін атаған еді. Егер пессимистік болжам дәл келсе, республикада локдаун желтоқсан айының ортасында, ал реалистік сценарий кезінде қаңтарда енгізіледі.
09 қазан 2020 ж. 608 0

КӨПКЕ ҮЛГІ АРДАГЕР

08 сәуір 2025 ж. 119

ӘЛЕМ ӘБІГЕР ҮСТІНДЕ

08 сәуір 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930