Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңір басшысының орынбасары ауданда болды

Өңір басшысының орынбасары ауданда болды

Мемлекет басшысының пәрменіне сай пандемияның зардабына ­байланысты жұмыс үдеуін еселеп келеді. Бұл тұста алдымен экономиканың дамуына бірталай үлес қосатын өндіріс орындарына, құрылыс нысандарының көлемі мен туризмді дамытудың алғышартына ерекше мән беру керектігі түсінікті. Сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар нысандардың саны мен сапасының жақсаруын атқарушы билік қадағалауы керек. Осы және өзге де мәселелер бойынша сенбі күні жұмыс сапарымен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың орынбасары Серік Ахмет Қазалы ауданында болды.

Қазақ қайда сапар шексе де, қандай істі қолға алса да алдымен ел мен жердің бүтіндігі үшін басын бәйгеге тіккен ата-баба рухына тағзым еткеніне кеше тағы бір мәрте көзіміз жетті. Ауданның оң ­бастамаларын бақылап, дамытуды қажет ететін салаларды анықтау үшін өңірден келген шенді алдымен Жанқожа батыр кесенесіне арнайылап ат басын бұрып, рухына тағзым етті. Бұдан кейін ғана жаңадан салынып жатқан 600 орындық мәдениет үйінің құрылыс алаңына барды. Аталған нысанның іргетасын құю ісі 2018 жылдың шілде айында басталып, биыл жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 80 адам уақытша жұмыспен қамтылған. Бас мердігер «Қаз Құрылыс Сервис» ЖШС-ның директоры Ештай Шадияр өңірден келген өкілге тәмамдалған жұмыстар жайын жан-жақты баяндап берді. Ал Серік Ахмет құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Соңғы уақытта Қазалының есімімен ортағасырлық Жанкент қалашығы қатар аталады. Өйткені ол жерде бірнеше жылдан бері қазба жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Қазірдің өзінде “ашық аспан астындағы музейге” ағылатын ­туристер аз емес. Жанкент қалашығы республикалық санаттағы археологиялық ескерткiштердiң бiрi. 2018 жылы жалпыхалықтық маңызы бар киелі орын санатына енгізілді. Жалпы аумағы 45 гектар жерді құрайды. Жанкент қалашығына зерттеу жұмыстары 2005 жылы басталған. Археологиялық қазба жұмыстары 2014 жылы қайта жаңартылып, әлі күнге дейін жүргізілуде. 2019 жылы қорғанның оңтүстік-шығыс қабырғаларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Серік Ахмет осы уақытқа дейін атқарылған жұмыспен жан-жақты танысып, тарихи орында туристер үшін тиімді орта қалыптастыруды тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары Абай ауылына апаратын өзен үстіндегі көпірге де барды. Мұнда да тұрғындар қауіпсіздігі үшін өткелдің маңызы жайында сөз қозғалды. Аталған нысанның ұзындығы 45 метрді құрайды. 2020 жылы қалқымалы көпірді күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «EL QYZMET» серіктестігі жеңімпаз болып танылған. Жеңімпаз мекеме көпірдің техникалық жағдайын қадағалап, қайықтарға ағымдағы жөндеу, сырлау жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қалқымалы көпірдің 25 қайығы бар. Сонымен қатар өзен деңгейіне ­байланысты көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету, қыс айларында өзеннен сең жүруіне орай қайықтарды жағаға шығарып, тасымалдау мердігер мекеме тарапынан жүзеге асырылады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ

15 қыркүйек 2020 ж. 366 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 32

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 29

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031