Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды

Ақордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды

Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Кеңесте мемлекеттік органдардың республикалық және өңірлік деңгейлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында қызметінің нәтижелері талқыланды.
Әділбек Жақсыбеков бағдарламаны іске асырудың жаңа кезеңінде осы қарқыннан танбай, келешектің айқын көрінісін анықтап алудың маңызды екенін атап өтті.
Негізгі баяндамаларды О. Оразалин, А. Балаева, Д. Абаев, А. Мұхамедиұлы жасады.
Бейнеконференцбайланыс режимінде Алматы және Атырау облыстары басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия төрағасы бағдарламаның іске асырылу барысы Мемлекет басшысының тарапынан ерекше бақылауда екеніне, сондай-ақ барлық жоспарланған жобаны сапалы іске асырудың және олардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес болуының қажеттігіне баса көңіл бөлді.
Өңір басшыларына бағдарламаның барлық бағыты бойынша жұмысты жандандыру, соның ішінде «Қазақстанның киелі географиясы», «Туған жер» жобаларының іске асырылуын ерекше бақылауға алу, өлкетануды дамытуға және жергілікті шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

18 ақпан 2018 ж. 1 552 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 119

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031