Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкент шахарының аймағы қоршалмақ

Жанкент шахарының аймағы қоршалмақ

«Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» КММ басшысы Сәбит Амангелдиев бастаған бір топ маман арнайы іссапармен орта ғасырлық Жанкент шаһарында болды.

Жанкент шаһарының ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне еніп, дүние жүзілік мұралар қатарына ұсынылуына байланысты Сәбит Амангелдиев және қызметкерлері, «Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі маманымен бірлесіп, Жанкент шаһары маңында, Өркендеу ауылдық округі әкімі Үргенішбай Нәби Мәлиұлы және Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Археология және этнография орталығының» директоры, Жанкентті зерттеуші, археолог-ғалым Әзілхан Тәжекеевпен кездесіп, аталмыш тарихи ескерткіштің айналасын, бекітілген қорғау міндеттемелеріне сай қоршап, жаңадан стела орнату жөніндегі істерді сөз етті.

Қоршаудың қалай қоршалатыны және ескі стеланың орнына 12 метрлік, биік стеланың орнатылатын орны белгіленіп, жұмыс Қызылордадан арнайы шақыртқан құрылыс фирмасына тапсырылды. Жұмыс бастауын алып, қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында, болашақта Жанкенттің «ашық аспан мұражайына» айналуы және оның келешек инфроқұрылымы мен келуші туристерге қолайлы жағдай жасау жайлы әңгімелер де болды.
Гүлжанат ӘШІРБЕКОВА
07 қыркүйек 2019 ж. 1 187 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930