Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанкентте бас қақпаның орны табылды

Жанкентте бас қақпаның орны табылды

Қазалы ауданында орналасқан Жанкент шаһарын зерттеушілер қаланың бас қақпасының орнын тапты. Қазір осы бағытта анықтау шаралары қолға алынып отыр.

Оғыз мемлекетінің ордасы Жанкент шаһарына далалық зерттеу жұмыстары Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік мекемесі тарапынан жүргізілуде. Бұл бағытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің арасында шарт негізінде мамыр айынан бастап археологиялық зерттеулер және музейлендіру қолға алынған.

Археологиялық қазба жұмыстарын 3 қазба тобы жүргізуде.Бірінші топ қалашықтың шығыс қорғаныс қабырғасында орналасқан қалашықтың бас қақпасында, екінші топ қалашықтың шығыс бөлігінде орналасқан бірнеше бөліктен тұратын ірі тұрғынжайда, үшінші топцитадельдің солтүстік бекіністі қазба, консервация және музейфикация жұмыстарын бастады.

Қазба жұмыстарымен қатар, тұрғын үйжайларды қайта қалпына келтіру жұмыстары іске асуда. Қазба жұмыстары барысында қала тіршілігінен мол мағлұмат беретін құнды археологиялық жәдігерлер қыш ыдыс сынықтары табылу үстінде. Далалық зерттеулер барысында бұл тұрғын үй кешенінде стратиграфиялық қазба жұмыстары, ашылған тұрғын үй бөлмелері қайта қалпына келтіру жұмыстары және оның бөлме ішіндегі интерьерлерін қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз ашық аспан астындағы музейлендіру туристік орталыққа айналдыру жобасының бір бөлігі.Жанкент шаһарының №7 қазба жұмысышығыс қақпасына салынған қазба нәтижесінде қақпа құрылысының күрделі болғанына көзіміз жетіп отыр. Бұл қаланың бас қақпасы. Қақпа құрылымы күрделі, ол лабиринт әдісімен жоспарланып, ішкі бөлігіне құрылыстар салған. Ол қақпаның қорғаныс жүйесін арттырып, қаланың басты стратегиялық ғимараты болғандығы көрсетеді.

2019 жылы осы шығыс қабырғаларында «Казреставрация» мемлекеттік мекемесіқайта келтіру жұмыстарын бастап, ол осы жылы жалғасын табатын болады.

Осы жылғы жоспар бойынша қаланың солтүстік қабырғасы цитадельінде,яғни,әкімшілік ғимараты бөлігінде орналасқан екі мұнараны толықтай ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бүгінде Жанкент қалашығының қорғау аймағы белгіленіп, замануи темір қоршаумен толық қоршалған. Ескерткішке кірер жерге салынған биік стелла келген туристерге әсер қалдырып, шаһардың терең тарихынан сыр шертеді.
17 маусым 2020 ж. 947 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31