Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі

Мектеп мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғаімдердің жалақысы көтерілетінін айтты.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы көтерілетінін айтты.
«Қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерге көп салмақ түсті. Кей жерлерде керісінше салмақ азайды деген пікірлер бар, бірақ олардың жұмыс жүктемесі еселенді. Жақында мұғалімдерді ақысыз демалысқа жібереді деген сөз болды, біз бұл мәселе бойынша жедел әрекет еттік. Педагог тамызда да бұған дейін қанша алды, сонша алуы керек», – деді Аймағамбетов Tengrinews.kz-тің Instagram желісіндегі тікелей эфирде.
Слонымен қатар министр қашықтан оқыту мұғалімдердің жалақысына әсер етпеуі керек екенін айтты.
«Мен қашықтан оқыту кезінде мұғалімдердің жалақысын азайту керек деген пікірмен келіспеймін. Біз қашықтан оқу мұғалімнің жалақысына әсер етпеуі керек деген шешім шығардық. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша педагогтердің жалақысы көтерілді. Қыркүйектен бастап «Педагог мәртебесі» заңына сәйкес қосымша үстемақы болады, ол да мұғалімдер үшін айтарлықтай көмек. Енді қаңтардан бастап әріптестеріміздің жалақысы 25 пайызға өседі», – деді министр.
aikyn.kz
22 шілде 2020 ж. 1 288 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930