Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: Мұғалімдер қашықтан оқыту бойынша арнайы курстан өтеді

Министр: Мұғалімдер қашықтан оқыту бойынша арнайы курстан өтеді

Біз қазір мұғалімдерге арналған қашықтан оқыту курстарын дайындап жатырмыз, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн-брифингте.

Біз курстар өткізіп, мұғалімдердің осы бағыттағы біліктілігін арттырамыз ба? Әрине, арттырамыз. Біз қазір осындай курстарды дайындап жатырмыз. Өз басым, осы негіздегі бағдарламаның бірнеше нұсқаларын көріп, қарап шықтым. Қазір біз осы бағытта жұмыс жасап, зерделеп отырмыз. Бұл арада ғылыми жағына басымдық берілуі керек, – деді Аймағамбетов.
Оның айтуынша, бұл мәселеде ғылыми жағына басымдық берілуі қажет, өйткені компьютерді қосып-өшіріп, сондай-ақ zoom платформасын қолдануды үйрету жеткіліксіз болады.
Бұл мүлде ондай нәрсе емес. Мен үнемі дұрыс түсінулерін сұраймын, бұл ретте біз IT-құзіреттіліктер, оқыту әдістері, тапсырмаларды қалай беру, қашықтағы жүйе арқылы қалай жұмыс істеу керектігі сияқты кеңірек мәселелер туралы айтамыз. Міне, осы құзіреттіліктердің барлығы әріптестерімізге үздіксіз білім беру аясында оқытылатын арнайы модульдің курсында қамтылатын болады, – деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, болашақ мұғалімдер дәстүрлі оқыту тәсілі, сондай-ақ қашықтан оқыту тәсілі арқылы да білімдерін жетілдіріп, оқуды тәмамдауы керек.
Сонымен қатар, біз барлық ректорларға жоғары оқу орындарын мұғалімдерді даярлауда осы жүйе аясында қашықтан оқытудың міндетті модулін енгізіп жатқандығымызды айттық. Болашақ мүғалімдер университетте оқып жатқан кезде де осы технологиялардың, техниканың және құзыреттің бәрін игеруі керек, – деп сөзін түйіндеді Аймағамбетов.
21 мамыр 2020 ж. 840 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 80

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930