Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Аймағамбетов БҒМ-де өткен аппараттық кеңесте жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысының төмендігін айтты. Және білім гранттары құнының артуы нәтижесінде профессорлық-оқытушылық құрамының еңбекақысының артатыны туралы мәлімдеді. «ЖОО оқытушыларының жалақысы төмен. Сондықтан, Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерге сәйкес 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттардың құны осы жылдың қыркүйегінен бастап ұлғайтылатын болады. Бұл қандай нәтиже береді? Ол оқытушылардың жалақысын көтеруге мүмкіндік беретін болады», - деді Министр. Асхат Аймағамбетов университет басшыларына әртүрлі форумдар мен тиімсіз іс-шараларға жұмсалатын шығындарды азайтуды тапсырды. Сондай-ақ, жалақы мәселесі бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу керектігін айтты. Министр ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорына университет басшыларының штаты мен оқытушылардың жалақы мәселесін қайта қарауды тапсырды. Жоғары оқу орындарының басшылары да тиісті тапсырмаларды алды. «Мемлекеттік университеттер тиімсіз шығындарды қайта қарауы тиіс. Әртүрлі тиімсіз форумдарды, шараларды қысқарту керек. Президент қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берген болатын. Ол тек министрліктің аппаратына қатысты емес, квазимемлекеттік мекемелерге де қатысты мәселе», - деді Асхат Қанатұлы. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР БҒМ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын арттыру туралы тапсырмасы аясында оқу жылының басынан бастап білім және ғылым министрлігіне қарасты 25 ЖОО-да жалақы 20-дан 50%-ға дейін арттырылды.


20 ақпан 2020 ж. 1 225 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 134

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 192

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 159

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 139

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930