Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қашықтан оқыту кейбір балаларға жақсы әсер етті – Асхат Аймағамбетов

Қашықтан оқыту кейбір балаларға жақсы әсер етті – Асхат Аймағамбетов

ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту кейбір балаларға жақсы әсер еткенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әр аптаның сенбісінде онлайн режимде мұғалімдермен пікір алмасамын. Біз саладағы мәселелерді талқылаймыз. Осы орайда ұстаздар балалардың оқу үлгеріміне қатысты мәліметтерді айтады. Олардың сөзінше, осыған дейін жақсы оқыған балалардың сабақ үлгерімі нашарламады. Олар бұрынғысынша жақсы ынтамен сабақтарын жалғастырған, яғни білім сапасын жоғалтпаған», – деді А. Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол қашықтан оқыту кейбір балаларға оңтайлы әсер еткенін айтты. «Дәстүрлі форматта оқыған кезде тұйықтау бала ретінде көрінгендерде өзгерістер болған. Әріптестердің хабарлауынша, бұл балалар ашылып, өздерін жаңа қырынан көрсеткен. Олар өздерінің ойларын, тұжырымын ашық айта бастаған»,- деді министр. Сөз соңында ол министрлік үшін бұрынғыдай дәстүрлі күндізгі оқыту қолайлы екенін атап өтті.
20 мамыр 2020 ж. 1 050 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930