42 500 теңге тағы төлене ме?

«Барлық төлемақылар төтенше жағдай режимімен байланысты. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық азаматтар жұмысын жалғастыруы керек», – дейді Ералы Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖ режимі елімізде 16 наурыздан басталып, 11 мамыр аралығында тоқтатылған еді. Осы уақыт аралығында табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 мөлшерінде жәрдемақы төленді.