Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер альянсы құрылды

Әйелдер альянсы құрылды

   Елімізде гендерлік теңсіздікке қарсы "Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы" атты жоба қолға алынды. Олар әйелдердің мәртебесін арттырып, әл-ауқатын жақсарту қажет деп санайды.

"Бұдан былай әйелдер қауымының жоғын жоқтайтын ұйымдар қоғамның осы тобына мемлекеттің назарын аудартып, тіпті қоғамда оқтын-оқтын көтерілетін тоқал алу идеясына қарсы шықпақ", - дейді телеарна тілшісі.

  Назгүл Мақжанова, "Қазақстанның әйелдер күштері альянсы" төрайымының орынбасары:

- Қоғамдағы әйел статусының, оның экономикалық жағдайын жақсарту, әлауқатын жақсарту, әйелдер өз-өзін қамтамасыз ететін жағдай жасау. Осы мақсаттарды меңзеп, альянстың құрамына 20-дан аса үкіметтік емес ұйымдар бас қосып отырмыз.

  Альянс өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы нәзік жандар мүмкіндіктерін кеңейте алмай, соның кесірінен тек әлеуметтік кәсіпкерлікпен шектелуде. Ең сорақысы, қыздарымыз әлеуметтік сатылардан сүрініп, шетелдіктерге тұрмысқа шығуда немесе ауқатты отбасылы ер адамның етегінен ұстауға мәжбүр.

Елімізде әлі күнге дейін әйелдердің жалақысы ерлерден 30 пайызға төмен. Оның ішінде 57 пайызы тұрақты жұмыс істемейді. Сондықтан аталмыш топтың өмір сүру сапасын арттырып, әл-ауқатын жоғарылатуды көздеген альянс бірнеше бағыттан тұратын бағдарлама ұсынды.




16 қазан 2019 ж. 1 256 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031