Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы ем мен жанашырлықтың үлгісі

Сапалы ем мен жанашырлықтың үлгісі

Теміржол ауруханасының 2-қабатында орналасқан неврологиялық (жүйке аурулары) бөлімшесі талай науқастың сауығып шығуына себепкер болып келе жатқан емдеу мекемелерінің бірі. 10 төсек-орынға арналған бөлімше өзінің ұқыпты ұйымдастырылған жұмысы, заманауи медициналық жабдықтары және кәсіби мамандарының тәжірибесімен ерекшеленеді.
Бүгінде мұнда бас және бел аурулары, омыртқа жүйесінің зақымдануы, ми қан тамырлары аурулары сынды күрделі дерттерге шалдыққан науқастар ем қабылдайды. Әр пациенттің жағдайы жіті бақылауда болып, диагнозы мен емдеу жоспары медициналық стандарттарға сай жасалады.
Біліктілік пен жауапкершілікті тоғыстыра білген бөлімшеге тәжірибесі мол Шолпан Қарақұлқызы басшылық етеді. Ол өз ісіне адал, ұжымның кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отыруға көңіл бөліп, бөлімшенің жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Сонымен бірге жұмыстың жүйелі жүруіне 2-санатты невролог, реабилитолог Нұрдәулет Серікұлы қалтқысыз қызмет етеді.
Аға мейірбике Айнур Тоғаймұратқызы науқас күтімін дұрыс ұйымдастыра білетін, әріптестеріне бағыт-бағдар беріп, жұмыс сапасын бақылауда ұстап отыратын маман. Оның ұйымдастырушылық қабілеті бөлімшенің тыныс-тіршілігінің бірқалыпты жүруіне себеп. Сонымен қатар бөлімшеде жауапты, ауысымдық және кіші мейірбикелер халыққа тікелей қызмет көрсетеді. Әрбір медициналық қызметкердің жұмысы науқастардың сауығуына қосылған үлкен үлес.

Заманауи жабдықтар – тиімді емнің кепілі

Жүйке аурулары бөлімшесі қажетті медициналық құрылғылармен толық қамтамасыз етілген. Егу мен санитарлық және шаруашылық бөлмелері, асхана бәрі де емделушілерге жайлы орта қалыптастыруға арналған.
Палаталар 2, 4 және 5 адамдық болып жабдықталған. Науқастарға арналған сервистік палаталарда тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, жайлы кереуеттер, жеке шкафтар, таза жаймалар және күтімге қажетті құралдар.
Емдеу барысында жаңа технологиялы дәрі-дәрмектер мен клиникалық хаттамаларға сай ем жүргізіледі. Науқастардың жағдайына сәйкес физиотерапиялық процедуралар кеңінен қолданылады. Олардың қатарында: ультражоғары жиілікті терапия, электрофорез, соққылы-толқындық терапия, емдік дене шынықтыру, массаж, кварцтық емдеу әдісі қолданылады. Сонымен бірге «Биоптрон», «Экран», «Ультротон» аппаратарымен ем жүргізіледі. Бұған қоса емдік ванналар да бар. Бұл әдістер жүйке жүйесінің ауруларында жоғары нәтиже көрсетіп, ауырсынуды азайтуға, қан айналымды жақсартуға және жалпы денсаулықты қалпына келтіруге ықпал етеді.

Ұдайы білімін жетілдіру – кәсіби дамудың жолы

Неврологиялық бөлімше ұжымы тек тәжірибеге ғана емес, біліктілікті арттыруға да ерекше көңіл бөледі. Дәрігерлер мен мейірбикелер семинарларға, курстарға қатысып, өз білімдерін үздіксіз жетілдіруде. Осылайша медициналық қызметтің сапасын арттырып, науқастардың сауығуына оң әсерін тигізеді. Сол себептен де сырқатқа шалдыққандар зор сенім білдіретін бөлім саналады.
Теміржол ауруханасының неврология бөлімі тек ем жасайтын орын ғана емес, пациентке қолдау көрсететін, қамқорлық танытатын жайлы орта. Мұнда әр адамның денсаулығы басты назарда. Бөлімше қызметкерлері өздерінің тиянақтылығы, кәсібилігі және адамгершілік қасиетімен аурухананың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Олар сапалы медициналық көмектің, ұжымдық бірліктің және дертіне шипа іздеп келушілерге деген жанашырлықтың үлгісі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
13 желтоқсан 2025 ж. 30 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 27

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 29

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031