Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зорлық-зомбылық – қоғам кеселі

Зорлық-зомбылық – қоғам кеселі

Әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елде де көпшілікті алаңдататын өзекті мәселенің бірі. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әкеп соғатын негізгі себептер – есірткі, ішімдік, құмар ойындарға тәуелділік. Ал одан басқасы әлеуметтік сипаттағы проблемалар – материалдық жағдайдың жоқтығы, жұмыссыздық десек те болады.
Қазір байқасаңыздар он отбасының жартысында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы кездеседі. Заң қатайған сайын тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым дегендердің саны артты. Қазір әлеуметтік желінің дамығаны соншалық видео арқылы, суреттер арқылы өздерінің зорлық көргендерін ашық айтатын хабарламалар көбейді. Тіпті лауазымды тұлғалардың небір құпиялары ашылды. Бұл да әлемжелінің әсері. Тіпті желіні пайдаланып қара пияр жасап жатқандары да кездеседі.
Өкінішке орай, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізінші отбасында бар. Жақында Астанада өткен «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдың алу туралы» ұлттық баяндаманың таныстырылымында соңғы жарты жылда елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 742 факті тіркелгені айтылды.
Зерттеулер бойынша, халықтың 80 пайыздан астамы қоғамда әлі де тұрмыстық-зорлық зомбылық бар екенін, әрбір төртінші респондент отбасылық жанжалдың куәсі болғанын растаған.
«Зорлық-зомбылыққа көбінесе әйелдер мен балалар ұшырайды, одан кейінгі тізімде мүгедек жандар, ер адамдар мен қарттар бар. Мамандар әсіресе балаларға қатысты көрсетілетін түрлі сипаттағы зорлық-зомбылық статистикасына алаңдаулы. Мектептерде әдеп сабағын енгізу, агрессорлармен жұмысты күшейту, отбасылық институттарының санын арттыру ұсынылып отыр» делінген баяндамада.
Осындай жағдайларда жиі туындайтын бір мәселе бар. Ол тұрмыста зорлық көрген әйелдер өзіне қол жұмсаған адаммен бір шаңырақтың астында тұрғылары келмейтіндігі. Әйелдердің дені қорқыныштан, болмаса баспанасыз қалмауы үшін көбіне көрсетілген зорлыққа амалсыз шыдауға бел байлайды. Зорлықтан зардап шегушілердің көбісі түрлі себептерге байланысты полицияға хабарласуға асықпайды. Бірі отбасы жағдайының төмендігін ойласа, енді бірі бұл қадамы онсыз да берекесі кеткен шаңырағын одан әрі шайқалтып кетер деп қауіптенеді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның шешімі, қазіргі күрделі ахуал отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алудың жаңа жолдарын іздестіру, тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылықты тоқтату және оның алдын алу тетіктерін жетілдіруге бағытталған тиімді құқықтық және тәжірибелік шаралар қабылдаудың маңызды екенін көрсетті.
Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа криминалдық сипат беру мәселесі өзекті болып, көп талқылаудан кейін Заң күшіне енді. Соған қарамастан, отбасындағы кемсіту мен қорқыту қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Сондықтан, тұрғындар арасында тұрмыстық, жыныстық, экономикалық, эмоциялық және тағы басқа зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық қатерінің салдарынан қиын жағдайға тап болған, тәуекел тобындағы тұлғаларға, көбінесе әйелдерге (мамандардың кеңес беруі, уақытша бөлмемен қамтамасыз ету, оңалуға және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу), мерзімінде психологиялық, құқықтық кеңестер беру, өмірдің қиын жағдайына тап болған сәтсіз отбасылардағы балаларды анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, отбасындағы әлеуметтік, құқықтық және психологиялық мәселелердің шешілуіне кешенді қолдау көрсету, семинар-сабақтарға қатыстыру, тағы басқа шаралар өткізу қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертуге, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы ретте, Отбасын қолдау орталықтарының бекітілген қағидасына сәйкес, Қазалы аудандық Отбасын қолдау орталығы өз қызметінде зорлық-зомбылық жағдайында азаматтарға әлеуметтік-психологиялық, құқықтық кеңес беруді ұйымдастыру, оларды қалыпты отбасылық өмірге бейімдеу, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған оқыту-ағарту іс-шараларын жүзеге асырып келеді.
Жыл басынан бері Орталыққа зорлық-зомбылық жағдайында өтініш берушілер тіркелмесе де, отбасылық дау-жанжалдар бойынша 7 кейс ашылды. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстар жүргізіліп, мамандар тарапынан отбасы мүшелеріне құқықтық-психологиялық және әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді.
Отбасылық жанжалдардың және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттық, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда тоқсан сайын2 мәрте үнпарақтар таратылды.
Тұрмыстық жанжалдар, жанұядағы келеңсіз әрекеттердің алдын алуда әлеуметтік-құқықтық шараларға басымдық бере отырып, отбасылық қатынастарды сауықтыру, отбасын сақтау және тараптардың татуластыру бойынша психолог көмегін беру де тиімді.
Осы ретте орталықтың психолог мамандарымен отбасылық дау-жанжалдар бойынша тұрақты психологиялық кеңес беру, әңгімелесу шаралары жүргізілуде. Бүгінге дейін кейстер бойынша 23 психологиялық кеңес беру және әңгімелесу сағаты өткізіліп, оған 29 отбасы мүшесі тартылған.
Орталықтың заңгер және психолог мамандардың қатысуымен 6 «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, 50-ге жуық азаматқа қызмет көрсетілді. Отбасы мүшелерімен, жасөспірімдермен және мектеп оқушыларымен 2 тақырыптық семинар-тренинг және 4 кездесу шарасы өткізіліп, 400-ден астам қатысушы қамтылды. Одан бөлек, Орталық заңгерлері Қазалы ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қызметкерлерімен бірлескен рейд шараларына тұрақты қатысады.
2025 жылғы 22 қазанда Орталық тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға, қоғамның хабардарлығын арттыруға және зорлық-зомбылыққа тап болғандарды қолдауға бағытталған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Халықаралық науқан аясында 25 қараша – 10 желтоқсан аралығында интернет ресурстарында, атап айтқанда facebook және instagram әлеуметтік желілерінде «Біз цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» тақырыптық жарияланымдар ұйымдастырылды.
27 қарашада Цифрлық зорлық-зомбылықтың түрлері мен белгілері туралы ақпараттық материалдар әзірленіп, таратылды.
3 желтоқсан күні Әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және қоғамдық зорлық қатынастарға қарсы күресу бағытында «Зорлық-зомбылық – қоғам кеселі» тақырыбында отбасылармен кездесу шарасы ұйымдастырылды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Халықаралық науқан қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға, қауіпсіз орта қалыптастыруға және әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған маңызды бастама. Сондықтан алдағы уақытта да бұл бастамаға белсенді үлес қосуға шақырамын.
Егер сіз немесе сіз білетін адам зорлық-зомбылық құрбаны немесе куәгері болса, жергілікті ішкі істер органдарына немесе Қазалы ауданының Отбасын қолдау орталығы қызметіне жүгініңіз.
Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін «102» жүйесі, «111» отбасылар мен әйелдер және балалар мәселесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік бірыңғай сенім телефоны жұмыс жасайды.
Зорлық-зомбылық – қоғам кеселі. Балаларға қамқорлық жасау, ана мен баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті екенін естен шығармауымыз қажет.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға – тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол, қайырымды қоғамды құрып ғана қоймай, зорлық-зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік.
Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында дегім келеді.

Жанар ҚАЗИҚЫЗЫ,
Отбаын қолдау орталығының кейс-менеджері,
«Amanat» партиясы филиалы жанындағы
«Әйелдер қанатының» мүшесі
Фото: ашық дереккөзден алынды
13 желтоқсан 2025 ж. 26 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 26

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 28

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 31

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031