Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰҰ ауылдық әйелдердің өмірін жақсарту үшін активизмге шақырады

БҰҰ ауылдық әйелдердің өмірін жақсарту үшін активизмге шақырады

Биыл Халықаралық әйелдер күнін тойлау аясында «БҰҰ-әйелдер» құрылымы қазіргі таңда дүние жүзіндегі барша халықтың төрттен бір бөлігін құрайтын ауылдық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда теңсіздік пен кемсітудің болуына орай ауылдық еркектер мен қалалық әйелдермен мысал ретінде салыстырғанда ауылдық әйелдер анағұрлым осал жағдайда. Олардың жер және өндіріс ресурстарына, қаржыландыруға, әлеуметтік қызметтерге, сондай-ақ лайықты қызмет мүмкіндіктеріне деген қолжетімділіктері анағұрлым кем. Мысалы, әлемдегі 20% аспайтын әйелдер саны жер иеленуші немесе жер телімдерін жалға алушылар болып табылады, аталған жағдайда дамушы елдерде ауылдық әйелдер ауыл шаруашылық жұмыс күшінің шамамен 43%-\ әйелдер құрайды, ал ауылдық әйелдер мен еркектердің еңбек ақыларының мөлшеріндегі айырмашылық жекелеген елдерде 40% дейін жетеді (Қазақстанда – 31,4%).
Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Өкілі Илейн Конкиевичтің айтуы бойынша «барлық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету үшін гендерлік аспектілерді ескеретін инвестицияларды, саясатты, бағдарламаларды және бюджеттерді мемлекеттік деңгейде басымдандыру маңызды. Мемлекеттік реформалар әйелдер мен қыздардың құқықтарын нығайтуға және өндірістік ресурстар мен нарықтарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс, сондай-ақ ауылдық әйелдерге лайықты жұмыс орындары мен қызметтерін құруға ықпал етуге тиіс.
2017 жылы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен өткен зерттеу аясында Қазақстандағы ауылдық әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерінің кеңеюіне кедергі тудыратын негізгі тосқауылдар қаржыландырудағы қиындықтар, қажетті машықтар мен құзыреттіліктің болмауы, кәсіпті жүргізу саласындағы арнайы білімге қатысты шектелген қолжетімділік және төрешілдік болып табылады. Сонымен қатар, дәстүрлі мәдени ұстанымдардың да белгілі бір әсері бар. Әйелдерге қатысты гендерлік таптаурындар мен әлеуметтік ережелер көп жағдайда ауылдық әйелдердің экономикалық белсенділігі және әлеуетін жүзеге асыру жолында кемсітушілік тәжірибелер мен психологиялық тосқауылдарды тудырады.
Соңғы жыл бүкіл әлемдегі адамдардың анағұрлым тең құқықты болашаққа ұмтылатынын барынша жақсы көрсетті. Бұған қоғамның назарын түрлі гендерлік аспектілерге аударуға шақыратын көптеген наразылық марштары мен ақпараттық кампаниялар куә, сондықтан гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту кез келген елдің тұрақты дамуының ең маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Осы жылғы Халықаралық әйелдер күні бұл – бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздардың өмірін жақсарту үшін осы дүниежүзілік импульсты әрекетке айналдыру мүмкіндігі. Уақыт келді!
Baq.kz
07 наурыз 2018 ж. 1 510 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930