Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инфрақұрылым игілігі: нәтиже қандай?

Инфрақұрылым игілігі: нәтиже қандай?

Аймақтың жол-көлік инфрақұрылымы уақытпен бірге жаңарып, тұрғындардың өмір сүру сапасы артты. Облыс пен аудандарында жолдар кеңейтіліп, ауылдарға да жаңа сапалы жолдар тартылуда. Жалпы елдегі инфрақұрылымды озық үлгіде дамыту қажет. Өйткені инфрақұрылым дамыса заманауи инновациялық кәсіпорындар, технологиялық жаңалықтар көбейеді.
Жақында аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте аудандағы көлік-транзит саласын дамыту және жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Мәжілісте биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамытуға аудандық бюджеттен 2,8 миллиард теңге бөлініп, ауқымды жобалар қолға алынғаны айтылды. Жоспар нәтижесінде аудан аумағындағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлық үлесін 91 пайыздан 92 пайызға дейін жеткізу көзделуде.
Жиында аудан басшысы тиісті сала жетекшілеріне жол жөндеу жұмыстары бойынша биылға жоспарланған, бірақ әлі күнге толық аяқталмаған жұмыстарды қатаң сынға алып, шұғыл сапалы етіп аяқтауды тапсырды. Жаңадан салынған жолдардың күтімі мен сапасына ерекше мән беріп, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді ескертті.
Одан соң мәжілісте қоғамдық көлік қатынасы мәселесі қаралды. Аудан әкімі бұл бағыттағы ұсыныстарды жинақтап, келер жылы нақты шешім қабылдау үшін жауапты мамандарға тиісті шараларды әзірлеуді тапсырды. Мәжілістің күн тәртібінен бөлек әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстарды жүйелеу, аудан көлеміндегі әрбір сала бойынша атқарылып жатқан оң нәтижелі жұмыстарды ақпараттандыру, коммуникациялық саясаттың тиімділігін арттыру, қоғамдық саяси ахуал, әлеуметтік желілер арқылы келген тұрғындардың ұсыныс-пікірлер мен өтініштеріне жедел ден қою, тиісінше жауап беріп, шаралар қабылдау жөнінде де жауапты сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау, аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы бойынша мәселелер талқыланды.
Жиын соңында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов желтоқсан айында өткізілетін шараларды жоғары деңгейде өткізу, мерекелік шаралар кезінде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, аудан көлемінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік және жанар-жағармай бағалары негізсіз өспеуі мен күн тәртібінен түспейтін тазалық мәселесі бойынша мәселелерді үнемі бақылауда ұстап, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
13 желтоқсан 2025 ж. 30 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 26

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 28

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 31

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031