Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік қарлығашымен кездесу

Тәуелсіздік қарлығашымен кездесу

Қалалық мәдениет Үйі мен қалалық кітапханамен бірлесіп, «Адал адам» мәдени - тәрбие беру орталығы тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Сұхбат ТІМЕ» және «Әлем –ВООК» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – бабалардың ұраны» атты шара өтті. Сұхбат кешіне Желтоқсан оқиғасының куәгері, Желтоқсанның – 30, 35 жылдық естелік медальдарының иегері, есімі «Қазақстанның алтын кітабы» қорына енген, ақын Айсара Қожақова арнайы шақырылды.
Ата-бабалардың азат ел болуымызды армандап, келешек ұрпақтың бақытты өмір сүруіне жол ашу үшін күрескен, батыр аға-апалардың ерліктерін жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтқан кеште мәдениет үйі жанынан құрылған «Ғибрат» әжелер мектебінің мүшелері Күләш Бисенова М.Мақатаевтың «Санаулы күн» өлеңін оқыса, Жаңабике Ибайдуллаева Б.Байкенжеевтің «Ақ баян» әнін орындады. Ә.Дәулетбаеваның «Тәуелсіздік – тәтті үмітім едің сен» өлеңін мәдениет үйі жанындағы жас ақындар үйірмесінің мүшесі, қалалық кітапханынаң тұрақты оқырманы, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицей оқушысы Гүлден Әнуарбекқызы нақышына келтіре орындады.
Қалалық кітапхана меңгерушісі Жанар Сеитәлиева келушілерді тақырыптық көрме, асыл құндылықты насихаттайтын кітаптармен таныстырып, кеш кейіпкеріне лебізін білдірді. Көрермендер Айсара Қасымқызына сұрақтар қойып, өнегелі әңгіме өрбіді. Тәуелсіздік қарлығашы сонау сызды күндер сүреңін, асыл мұрат Тәуелсіздіктің тәу етер текті құндылық екенін ерекше толқыныспен жеткізді.
Бұл күні кәсіпорын директоры Бауыржан Ізмағанбетов қорытынды сөз сөйлеп, кеш кейіпкеріне сый-сыяпат табыстады. Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары патриоттық әндер орындап, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
13 желтоқсан 2025 ж. 209 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 136

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 151

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 149

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031