Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы нысандарды аралады

Аудандағы нысандарды аралады

Дидары өзгерген дәуір ағысына ілесу, отандық, тіпті жаһандық бәсекеде тік тұрып иық тіресу – заман талабы. Біздің ауданның қазіргі келбеті көрер көзге қызығарлықтай. Жыл өткен сайын сән мен сәулеті жарасқан түрлі ғимараттар бой түзеуде. Ауданның түкпір-түкпірінде әлеуметтік маңызды нысандарға күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа ғимараттардың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Істелген істің нәтижесін пысықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов жұмыс сапарымен ауданға келіп, аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен Қазалы теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары мен вокзал жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған теміржол үстінен өтетін көпір құрылысымен танысты. Бұл жұмыстарды «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу секілді ауқымды жұмыстар атқарылады. Қазіргі уақытта вокзал ғимаратының сыртқы жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, ішкі жұмыстары атқарылуда.
Одан соң Әйтеке би кентіндегі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынып жатқан 2 пәтерлі 40 тұрғын үйдің құрылысын көрді. Құрылыс аяқталуға жақын. Жақын арада аудан халқының игілігіне берілмек. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмысы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бақылауында. Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдеріне тұрғын үйді мерзімінде сапалы аяқтап, толық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, халық игілігіне уақытында пайдалануға беруді тапсырды.
Жұмыс сапары барысында «Қарлан» көпірінің құрылысы мен Бекарыстан би ауылындағы спорт кешінінің құрылыс жұмыстарын да көріп, мердігерлермен кездесті. Қарлан көпірінің құрылыс жұмыстарымен мердігер мекеме «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізіліп, көпірдің кіреберіс жолдарын салу, Сырдария өзеніндегі суды уақытша бөгеу арқылы бетонтіреулерді құю жұмыстары жүргізілуде. Сырдария өзенінің арғы бетіндегі 12 мыңға жуық халық үшін бұл көпірдің маңыздылығы жоғары. Мердігерге ең алдымен құрылыстың сапасы мен уақытылы аяқталуы керегі ескертілді.
Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Нысан «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында салынуда. Кешен құрылысымен мердігер мекеме «Жылу ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серістестігі айналысуда. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік береді.
Айта кететін жайт, ауданда «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында да спорт кешендері бой көтеруде.
А.ӘЛИ





13 желтоқсан 2025 ж. 29 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 27

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 30

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031