Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы күрт бұзылады: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы күрт бұзылады: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Фото: PixabayФото: Pixabay

13 желтоқсан күні еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады: кей облыста тұман түсіп, көктайғақ болады, қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 13 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Орал қ: 13 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Тұман көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 13 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Атырау қ: 13 желтоқсанда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 13 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 13 желтоқсанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 13 желтоқсанда күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 13 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман.
Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: 13 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 13 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.


13 желтоқсан 2025 ж. 125 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031