Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вице-министр ұстаздар жалақысының қаншаға өсетінін айтты

Вице-министр ұстаздар жалақысының қаншаға өсетінін айтты

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы қаншаға көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, Елбасы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысын 30-50% көтеруді тапсырған болатын. Жалақыны көтеру кезінде маманның біліктілігі мен жұмыс өтілі ескеріледі.
«1 қаңтардан бастап 1, 2, 5 және 7-сыныптар ұстаздарының жалақысы көтеріледі. Ал 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 3, 6 және 8-сынып ұстаздарының жалақысы көтеріле бастайды. Кейін кестеге сәйкес, 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 4 және 9-сынып ұстаздарының, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10-сынып ұстаздарының жалақысы көбейеді», - дейді вице-министр.
«Біліктілік деңгейін бекіту ұлттық бірыңғай квалификация тестілеуінің нәтижесі арқылы анықталады. Нәтижеге сәйкес бұл ұстаздардың жалақысы 30-50% өседі. Квалификация тестін Білім министрлігі осы жылдың ортасына қарай әзірлейді. Қыркүйек айынан бастап ұстаздар осы тестілеуден өтіп, кейін жалақылары өсе бастайды», - деп хабарлады шенеунік.
Екіншіден, маманның біліктілік деңгейін анықтау жаңа жүйеге сәйкес жүргізіледі.2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда ұстаздың орташа жалақысы 99 мың теңге болды. Енді министрлік ұстаздардың жалақысын көбейткен жағдайда, орташа жалақы 120-130 мың теңге болуы мүмкін.
13 қаңтар 2018 ж. 3 641 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 136

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 139

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 143

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 126

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 123

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 140

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031