Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жетім балаларды асырап алған ата-аналар салықтан босатылады

Жетім балаларды асырап алған ата-аналар салықтан босатылады

Қазақстанда қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді. 
«Жетім балаларды асырап алғандар жылдық табысының мөлшеріне қарай табыс салығынан босатылады», – деді вице-министр.
Қараусыз балаларды асырап алған отбасының табысы 2,1 млн теңге көлемінде болса, енді олар салық төлемейтіндер қатарына кіреді.
Руслан Дәленов өз сөзінде асырап алынған бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасы осы жеңілдікке ие болатынын айтты.
Сондай-ақ, жаңа салық кодексінде мүгедек болып қалған ата-ананың біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік қарастырылған. Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда 76 мыңға жуық азаматқа осы бағыт бойынша жеңілдік беру көзделіп отыр.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
22 қаңтар 2018 ж. 1 600 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 35

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 67

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031