Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тиісті тапсырмалар жүктелді

Тиісті тапсырмалар жүктелді

Өткен бейсенбіде аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжілісі өткізілді. Күн тәртібіне бірінші болып қойылған аудандағы жер қатынастарының жағдайы және жылдық жер есебінің орындалуына байланысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Жанұзақ хабарлама жасады.
Бөлім басшысының баяндауынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндеттерге сай өткен жылы 28 жеке және заңды тұлғалардан 19809,0 гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Облыстық жер қатынастары басқармасы мен ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға қосуға 12000 гектар бекітіліп, 52 жеке және заңды тұлғаларға 13217 гектар жер учаскесі рәсімделді.
ҚР Жер Кодексінің 48-бабына сәйкес Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округтер бойынша аукцион, конкурстар арқылы сатуға жататын жер учаскелерінің тізбесі жасақталды. Бұл мезгілімен тұрақты өткізіліп келеді.
2017 жылы жер учаскесін аукционнан, нысаналы мақсатын өзгертуден, артық жерін сатып алудан аудандық бюджетке 52,2 млн теңге қаржы түсірілді. 2018 жылдың басынан бері 3,4 млн теңге өндірілді. Аталған жұмысты келешекте жандандыра түсу бағытында салық салу базасын ұлғайтуға мүдделі органдар арқылы іс-шаралар бекітілді. Қала, кент және ауылдық округ әкімдері осы жағдайды үнемі назарда ұстау қатаң тапсырылып, жүйелі бақыланып отыр.
Аудан аумағында 595 бұлақтар, құдықтар мен скважиналар бар. Оның 253 жарамды күйде болса, 342 жөндеуді қажет етеді. 370 құдықтар мен скважиналардың ауандық қаржы бөлімі арқылы Қазалы аудандық сотымен меншік құқықтары танылды.
Елді мекендердің шекараларын өзгерту жұмыстары бойынша 2014-2017 жылдар аралығында аудандық бюджеттен 21,2 млн теңге қаралып, 18 елді мекеннің шекара (шегін) ұлғайту жүргізіліп, бұл іске пәрмен берілді
Екінші мәселедегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Аманов баяндады. Маңызды тетіктің тиімділігі мен олқы тұстары ортаға салынды. Орын алған кемшіліктерді шешудің жолдары айтылды.
Келесі кезектегі аппарат мәжілісінің алғашқы мәселесі ауыл шаруашылығы кооперативін дамыту жағдайына арналды. Онда аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ө.Өтеп-Әлі қолға алынған жұмыстарға тоқталды.
Қазақстан Республикасының "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" заңы аясында 2016-2017 жылдары аудан бойынша 38 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, оған 458 мүше тартылған. Бұлардың 27 мал шаруашылығы, 9 егін шаруашылығы және 1 мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өндіру, 1 көкөніс өнімдерін өңдеу саласына бағытталған. 17 облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының индикативті жоспарына енген.
Атап айтсақ, «Шеңгелді» кооперативінің құрамында 40 адам бар. Оған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы «Береке» бағдарламасы аясында 2016 жылы 160 млн теңге несие алынды. 198 бас мүйізді ірі қара малы бордақыланып, 3 млн 960 мың теңге субсидия алудың жолы шешілді.
2017 жылы «Kazaly Agro» ауыл шаруашылығы кооперативі де «Береке» бағдарламасы бойынша 267 млн теңге несиеге 1764 бас мүйізді ірі қара сатып алып, бордақылау жұмыстарымен айналысуда. Сондай-ақ, «Қонай», «Атамекен 77» «А-Арсен» кооперативтерінің де істері оңғарылып, алға баса бастаған. Алайда кейбір ауылдық округтерде осы саланың әлі де мандымай тұрғаны байқалады.
Бұдан кейін аудандық қаржы бөлімінің басшысы А.Аманов ауданның коммуналдық меншіктегі мүліктерді сауда-саттыққа шығару жағдайларын тілге тиек етті.
Басқосуды аудан әкімі М.Ергешбаев қорытындылап, мекеме басшыларымен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеп, оның орындалуы ұсталатынын ескертті.
С.БАХИЕВ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 298 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 71

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031