Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтардың 27 пайызы спортпен шұғылданады

Қызылордалықтардың 27 пайызы спортпен шұғылданады

Облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінің күн тәртібінде халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту барысы талқыланды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жақсылық Оспановтың сөзіне сүйенсек, есепті мерзімде спортты серік еткендер саны 27%-ке көтеріліп, спортпен шұғылданушылар саны 211 мыңнан асыпты.
– Соңғы жылдары аймақта спорттық нысандар қатары артып келеді. Биыл облыстағы 7 елді мекенде осындай нысандар салынып, ел игілігіне берілді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде өткен жылы Қызылорда қаласын мен Шиелі ауданында бірқатар спорт кешендері жалға берілді. Аталған жұмыс жалғаса береді, – деді Ж.Оспанов.
Аймақ басшысы Қ.Көшербаев осы тұста қыруар қаржы жұмсалған кейбір нысандардың сапасын қатаң сынға алды. Ондай мысалдар әр ауданнан, тіпті облыс орталығынан да табылады.
– Олардың көпшілігі айдалада ем ес, мектептердің жанында, тұрғын үйлердің ауласында орналасқан. Неге мемлекет мүлкі қараусыз қалады? Аудан, қала әкімдері, мектеп басшылары неге жанашырлық танытпайды? – деді облыс әкімі.
04 қыркүйек 2018 ж. 795 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031