Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дойбы додасы

Дойбы додасы

Өткен аптада Ардагерлер үйінде «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі қариялар арасында дойбыдан жекелей жарыс өткізілді. «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жобасын іске асыру мақсатында өткен сайыс дойбы ойынын кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруды көздеді.
Ойлау мен шапшаңдықты талап ететін сайыста аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бекіткен төрешілер алқасы басшылық етті. Қазақстан Республикасының дойбы федерациясы бекіткен ереже бойынша өткен ойын барысында бірінші орынды Нұрбай Мәмбетов жеңіп алды. Екінші орынды Балтабай Ибраимов иемденсе, Жайылхан Оразымбетов үшінші орынды қанжығасына байлады.
Жүлдегерлерге «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.
12 ақпан 2018 ж. 3 804 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031