Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қол добынан спартакиада өтті

Қызылордада қол добынан спартакиада өтті

Қызылорда қаласында қол добынан әйелдер арасында ҚР-ның VI жазғы спартакиадасы өтті, деп хабарлайды baq.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана және Шымкент қаласы, Қызылорда, Алматы, Қарағанды облысының командасы бір-бірімен ойнап шықты. Барлық ойында жеңіске жетіп, 8 ұпай жинаған Сыр өңірінің арулары чемпион атанды. Тек алаң иелеріне есе жіберген елордалық гандболшылар 6 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Алматы облысы қола медальге қол жеткізді. Өкінішке қарай, Қарағанды облысы барлық матчта қарсыласқа жол беріп, көш соңында қалып кетті.
Спартакиада нәтижесі бойынша халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы жасақталады. Мәселен, біздің гандболшылар 12-21 маусым аралығында клубтар арасындағы Азия чемпионатына, сосын 17-26 тамыз аралығында Жапонияда өтетін Париж Олимпиадасына іріктеу турниріне қатысады. Ал биылғы әлем чемпионатын 30 қараша мен 17 желтоқсан күндері Дания, Норвегия мен Швеция қатар қабылдайды.
Айта кетейік, биыл ақпаннан бері күрес түрлерінен, үстел теннисі, семсерлесу, спорттық гимнастика, велотрек (1-кезеңі) пен гандбол (әйелдер) сынды спорт түрінен VI жазғы Спартакиада өтті. Қазір 6 спорт түрінің нәтижесі бойынша жалпы есепте Алматы қаласы жеке-дара көш бастады. Астана мен Шымкент қаласы үздік үштікті түйіндеп тұр.
27 сәуір 2023 ж. 582 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031