Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Волейболдан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Волейболдан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, биылғы ел біріншілігінде ерлер арасында «Атырау» командасы чемпион атанды. Екінші орынға «Павлодар» командасы ие болса, үздік үштікті «ТНК Қазхром» ұжымы қанжығасына байлады. Әйелдер арасында «Алтай» клубы топ жарса, екінші орынға талдықорғандық «Жетісу» командасы ие болды. Ал қола жүлдені «Ертіс-Қазхром» командасы жеңіп алды. Сондай-ақ, ерлер арасындағы жоғарғы лигада «Динамо-Қазығұрт» чемпион атанды. Күміс медальді «Ақтөбе» иеленсе, «Қайсар» қола жүлдені місе тұтты. Әйелдер арасындағы жарыста шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атағына ие болды. Екінші орынды «Тараз» иеленсе, елордалық «Оқушылар сарайы» командасы үздік үштікті қорытындылады.
inform.kz
03 мамыр 2018 ж. 1 323 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 43

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 66

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 93

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 91

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031