Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ Головкин мен Альварес бокстасатын уақыт пен орынды атады

БАҚ Головкин мен Альварес бокстасатын уақыт пен орынды атады

 
  Бұқаралық ақпарат құралдары қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық спортшы Сауль Альварестің арасындағы жұдырықтасудың өтетін орнын атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
  Соңғы ақпарат бойынша осы кездесуді ұйымдастыру бойынша командалар арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әзірше нақты ақпарат келіп түскен жоқ, алайда, бокс саласындағы беделді сарапшылар өз инсайдтарымен бөлісуде.
  Осылайша, ESPN шолушысы Дэн Рафаэль жұдырықтасу өтетін күн мен орынды атады.
  «Головкин – Альварес Лас-Вегасқа қайта оралып, бокстасу өткен жолғы T-Mobile аренасында өтетініне сенімдімін», - деді ол.
Бұл жерде шолушы 15 қыркүйекті меңзеп отыр. Дәл осы күні Мексикада Тәуелсіздік күні тойланады. Екі боксшы арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйекте өткен болатын.

Baq.kz
21 мамыр 2018 ж. 883 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930