Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин-Альварес жекпе-жегі: Билли Джо Сондерс мексикалық боксшыны алмастыруға дайын екенін айтты

Головкин-Альварес жекпе-жегі: Билли Джо Сондерс мексикалық боксшыны алмастыруға дайын екенін айтты

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) тест сынамасынан өте алмай қалған мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 КО) орнын басуға дайын. Бұл туралы британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Сауль «Канело» Альварес 5 мамырда орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жұдырықтасуы қажет. Алайда осыған дейін мексикалық боксшының тест сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған.
Осы орайда жеңіліп көрмеген британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен Билли Джо Сондерстің аталған жекпе-жекте Альваресті алмастыруға дайын екенін жеткізді.
«Мен допинг-тест туралы оқиғалардың салдары Алвареске тиетініне сенімдімін. Егер Саульге 5 мамырда рингке шығуға мүмкіндік берілмесе, оған таңғалмаймын. Ұйымдастырушылардың ешқайсысы үлкен бокс кешін жоғалтып алғысы келмейді. Сондықтан Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы Билли Джо Сондерс болуы мүмкін. Ол –жекпе-жекке дайын, әрі оның чемпиондық белбеуі бар», - деді Уоррен BoxingScene.com сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 14 сәуір күні Лондондағы O2 аренада жерлесі Мартина Мюррейге қарсы жұдырықтасуы қажет болған. Алайда чемпион жаттығу кезінде қолын жарақаттап алған. Сондықтан жекпе-жек осы жылдың 23 маусымына ауыстырылған.
Сондерс Головкинге қажетті соңғы белдікке ие. Егер қазақстандық боксшы британиялық спортшыны жеңсе, орта салмақта абсолютті чемпион атанады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген.
Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал Альварес өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.
Дәурен ЕРБОЛАТ

29 наурыз 2018 ж. 1 483 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 127

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 121

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930