Тағылымы мол, тартысты турнир
Жуырда ауданда «Желтоқсан оқиғасының» құрбандарын еске алу құрметіне кіші футболдан аудандық ашық турнир өтті.
Аяқдопшылар жарысына Қазалы және Арал аудандарынан жеті құрама команда қатысып, өзара бақ сынасты. Доп додасы басталмас бұрын аудандық Жанқожа батыр мешітінің бас имамы Берік қажы Сүлейменов «Желтоқсан оқиғасы» құрбандарына Құран бағыштады.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін жеткізді.
– 1986 жылы желтоқсанның 17-18 күні көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.
Еліміз алмағайып өтпелі кезеңнен барлық қиындықтарын жеңіп әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабаларымыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңгі жолындағы еңбегіміз жана берсін! Сайысқа қатысушы спортшыларға сәттілік, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.
Турнирдің ашылу салтанатында Желтоқсан оқиғасына қатысушы жерлесіміз Оңдаш Жұмашұлы да сөз сөйлеп, турнирді ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша «1001 ұсақ» командасы жеңімпаз атанды. Ал, аралдық «Жаңа ауыл» мен «Авангард 2» командалары екінші, үшінші орындарға жайғасты.

Серік АҚМЫРЗА