Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім қызметкерлері белес бағындырды

Білім қызметкерлері белес бағындырды

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні биылдан бастап мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілетіні белгілі. Осыған орай өткен сенбіде күні облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен білім саласы қызметкерлері арасында футзалдан дәстүрлі облыстық турнир өтті. Аталған жарыста аудандық білім бөлімдері бақ сынап, үздік ойын өрнегін көрсетті.
Таң ата тебілген теңбіл доп тегеуріні мықтының ырқына көнді. Қазалы аудандық білім бөлімінің командасы алғашқы ойынды 5-3 есебімен өз пайдасына жаратып, кезекті қарсыласқа қарсы кездесуде 11-2 есебін тіркеді. Осылайша топта бірінші орынмен жартылай финалға жолдама алды. Қазалы құрамасы плей-оффтағы алғашқы матчта 8 гол соғып, қарсыласты қапы қалдырды. Тартысқа толы ойын финалдық бәсекедегі Жаңақорған құрамасымен болды. Қазалылықтардың команда капитаны Әмірхан Әбіл алғашқы минуттарда екі бірдей гол соғып, есепті еселеген еді. Көп ұзамай Жаңақорғандық шабуылшылар Қазалы қақпасынан екі сәрте саңылау тауып, ойынды теңестірді. Соңғы минуттарда ғана бұрыштамадан пас алған №94 мектептің директоры Алик Тілеуімбетов шешуші голды соғып, кездесу қаһарманына айналды.
Сайыс ұйымдастырушыларының шешіміне сәйкес, турнирдің «Үздік ойыншысы» бағамы аудандық білім бөлімінің әдіскері Әмірхан Әбілге бұйырды. Ал төрт ойында теңдессіз сейфтер жасаған Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 мектептің директоры Дархан Алдабергенов «Үздік қақпашы» номинациясын меншіктеді. Осылайша Қазалы аудандық білім бөлімі жыл сайын өтетін дәстүрлі облыстық турнирдің үш дүркін чемпионы атанып отыр.
Мұнан соң аудан абыройын облыс орталығында асқақтатқан білім қызметкерлерін аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов қабылдап, арнайы құттықтады.
– Бұл жеңісті білім бөлімінің ғана емес, осындағы мыңдаған ұстаздың абыройының асқақтағаны, мерейінің үстем болғаны деп түсінуіміз керек. Сіздердің ынта-жігерлеріңіз, жеңіске деген ұмтылыстарыңыз кезекті рет Қазалы ауданына кубок сыйлап отыр. Мұндай бәсеке ұжымның ауызбіршілігін, белгілі бір іске ыждахатпен жұмыла алатынын аңғартады. Ендеше биік белесті бағындырғандарыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін, – деді Ә.Оңдасынұлы.
Бұдан кейін жеңімпаз жігіттер бөлім басшысына турнир кубогын табыстап, алтыннан алқа тақты. Жиын соңында чемпион «Абадан» командасының капитаны жан-жақты қолдау көрсеткен ауданның бас ұстазына, аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ басшысы Әбіш Романға, жаттығу жұмыстарына база ұсынған №266 мектеп-лицей директоры Сейілхан Бердібекұлы мен №249 мектеп-лицейдің басшысы Батырбек Тәңірбергеновке алғаусыз алғысын білдірді.


Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
13 желтоқсан 2022 ж. 619 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 80

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930