Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінің жас боксшысы ересектер арасындағы ҚР чемпионы атанды

Сыр өңірінің жас боксшысы ересектер арасындағы ҚР чемпионы атанды

Kyzylorda-news.kz. Павлодар қаласында 2-9 желтоқсан аралығында бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Биылғы ел біріншілігінде 216 боксшы 13 салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. 
Байрақты бәсекеде Сыр өңірінің спортшысы да бақ сынады. Қызылордалық 54 келідегі Алтынбек Нұрсұлтан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
2003 жылы туған жас боксшы Алтынбек Нұрсұлтан бүгінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті. Сондай-ақ Халықаралық деңгейдегі спорт шебері. 
Нұрсұлтан Қуанышбекұлының осы кезге дейін жеткен жетісвтіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Атап айтсақ, ол 2019 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атағын иеленген. Сонымен қатар сол жылы жасөспірімдер арасында Азияның күміс жүлдегері атанған. Боксшы өткен жылы бокстан жастар арасында Қазақстан чемпионы атанса, осы жылы Дубай қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионы болды. Сондай-ақ өткен жылы ересектер арасында өткен Қазақстанның қола жүлдегері және басқа да халықаралық турнирлердің жеңімпазы атағына ие болды.
Боксшының әлі де алар асулары алда, Сыр жұртшылығы жас спортшыға сенім артады.
10 желтоқсан 2022 ж. 465 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 82

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930