Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екінші айналымға шықты

Екінші айналымға шықты

Әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Чехияның Острава қала­сында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымына жолдама алды.
Жерлесіміз жүлде қоры 611 210 еуроны құрайтын жарыстың алғашқы айналымында әлемнің 17-ракеткасы америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты. Биылдыққа екі теннисші осымен үшінші мәрте бір-бірімен кездесті. «Ролан Гарростың» екінші айналымында өткен бірінші матч­та америкалық теннисші 3:6, 6:1, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Кейіннен араға үш ай салып олар АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы WTA тур­ни­рінде бақ сынасты. Өкінішке қарай, бұл жолы да Киздің мерейі үстем болды – 6:2, 6:4.
Ал күні кеше өткен екі теннисшінің арасындағы үшінші бәсеке жерлесіміздің пайдасына аяқталды. Бірінші сетте амери­калық теннисші 7:5 есебімен басым түске­німен, кейінгі екі сетте Е. Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алып, 6:3, 6:3 нәтижесімен қарсыласын тізе бүктірді.
Е.Рыбакина келесі кезеңде әлемнің 16-ракеткасы латвия­лық Елена Остапенко немесе әлемдік рейтингте 31-сатыда тұр­ған Беларусь өкілі Александра Сасновичтің бірімен ойнайды.
05 қазан 2022 ж. 817 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 134

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 148

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 147

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031