Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теннис: Зарина Дияс Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды

Теннис: Зарина Дияс Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды

Қазақстандық Зарина Дияс Цинциннатиде (АҚШ) негізгі турнирге жолдама алды.
  Әлемнің 79-ракеткасы З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 55-орындағы америкалық Джессика Пегуламен кездесті. Үш сағатқа жуық созылған матч өте тартысты өтті. Бірінші партияда тай-брейкте Д.Пегула басым түсті – 7:6 (7:4). Екіншісінде З.Дияс есе қайырды – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияны қазақстандық теннисші жеңіспен түйіндеді – 6:4. Осылайша З.Дияс жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды. Зарина онда әлемнің бұрынғы бірінші, қазір 10-ракеткасы, атақты Серена Уильямспен шеберлік байқасады.
  Сәбилі болуына байланысты спорттық жолындағы үзілістен кейін кортқа қайта оралған «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 мәрте чемпионы С.Уильямс нағыз бабына енді еніп келеді. Ол жексенбі күні аяқталған Торонто (Канада) додасының финалына дейін жетті. Бірақ арқасының жарақатына байланысты финалда небәрі төрт гейм өткізіп, есеп канадалық Бьянка Андреескудің пайдасына 1:3 болғаннан кейін жарысты жалғастырудан бас тартты. Оның Цинциннатиде кортқа шығу-шықпауы әзірге белгісіз. Егер Серена бас тартса, оны басқа теннисші алмастыратын болады. Цинциннатиде Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцеваның қарсыласы да осал емес. Ол әлемдік рейтингте 82-орында тұрған, 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы Елена Остапенкомен күш сынасады. Ерлер арасындағы Цинциннати жарысында Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Михаил Кукушкин негізгі турнирге өте алмай қалды. Ол іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 70-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевтен 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
12 тамыз 2019 ж. 1 223 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031