Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина "Уимблдоннан" кейін алғаш рет жеңіске қол жеткізді

Елена Рыбакина "Уимблдоннан" кейін алғаш рет жеңіске қол жеткізді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Елена Рыбакина Торонто (Канада) WTA-1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ​stan.kz​​​ ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші алғашқы айнылымда әлемнің 47-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты.
Осыған дейін қарсыластар екі мәрте кездесіп, Елена 2020 жылы Римде (7:5, 7:6), биыл Аделаидада (Аустралия) 6:3, 6:4 есебімен басым түскен еді.
Бұл жолы бірінші партияда Елена Рыбакина сәттірек ойнады – 7:5. Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте М.Боузкова брейк жасап кетті – 6:5. Дегенмен Рыбакина сол бойда таразы басын теңестірді – 6:6.
Тай-брейк Боузкованың пайдасына шешілді – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияны қазақстандық теннисші брейкпен бастады – 1:0. Қазақстандық спортшы матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.
Үш сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 6 эйс жасап, 22 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина екінші айналымда қос америкалық, әлемнің 11-ракеткасы Кори Гауфф немесе рейтингте 64-сатыда тұрған Мэдисон Бренглдің біреуімен кездеседі.
Осылайша, Елена Рыбакина Уимблдонда чемпион атанғаннан кейінгі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Бұдан бұрын Сан-Хосе WTA-500 (АҚШ) жарысының бірінші айналымында ресейлік Дарья Касаткинаға жол берген еді.


09 тамыз 2022 ж. 916 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 158

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031