Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы түлектері футбол алаңында бас қосты

Қазалы түлектері футбол алаңында бас қосты

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай Қазалы ауданының ардагерлері кіші футбол алаңында бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауданнан шыққан бұл азаматтар әр қалада бас қосып, спартакиада өткізуді 10 жылдан бері дәстүрге айналдырған болатын. Бұған дейін Астана, Қостанай, Алматы, Қызылорда қалаларында жиналған болса, биыл бұл көрініс туған жерде жалғасын тапты.
Шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев салауатты өмір салтын қалыптастырып, үнемі спортты жанына серік еткен азаматтардың бұл үрдісі келешек ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін айтып, ұйымдастырушы азаматтарға ризашылығын білдірді.
Тартысты өткен жарыс қорытындысымен 1-орынды «Астана» командасы жеңіп алды. 2-орынды «Қазалы-1», 3-орынды «Қазалы-2» командалары иеленсе, 4 орын «Замандастарға» бұйырды.
Айта кетейік, футболдан жолдастық кездесуге Астана, Алматы, Тараз, Ақтау, Қызылорда қалалары мен Мәскеуден де ойыншылар келіп қатысты.
02 мамыр 2018 ж. 1 826 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930