Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Kyzylordа masters» республикалық турнирі өтті

«Kyzylordа masters» республикалық турнирі өтті

Қызылорда қаласының «Нұрсәт» теннис орталығында теннистен 12 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Kyzylordа masters» республикалық турнирі өтті.
Осымен қатарынан жетінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қырғызстаннан және еліміздің 9 облысынан 12 команда, барлығы 70-тен аса теннисшілер сынға түсті.
Нәтижесінде ұлдар арасында қызылордалық Жақас Қозбақ турнир жеңімпазы атанса, Алматы қаласынан Заңғар Нұрланұлы екінші, қызылордалық Бекжігіт Минаж үшінші, оңтүстік қазақстандық Әділет Сауат төртінші орындарды иеленді.
Қыздар арасында Алматы қаласының спортшылары жүлделі орындардың барлығын жеңіп алды. Бірінші орынды Анеля Кильдиярова алса, күміс жүлде - Таира Абильдаеваға, қола жүлде - Софья Исаковаға бұйырды. Төртінші орынды - Стефания Пушкарь еншіледі.
Микст ерекшелігі бойынша 1-орынды оңтүстік қазақстандықтар Адия Әбдіғаппар мен Дамир Ибрагимов, 2-орынды Алматы қаласының спортшылары Заңғар Нұрланұлы мен Анеля Кельдиярова, 3-орынды шымкенттік Ерназар Дүйсенбаймен жамбылдық Сатима Төреген иеленді. Ал төртінші орынға шымкенттіктер Данил Тазабеков пен Камила Сатыбалдиева ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және демеушілердің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
29 сәуір 2018 ж. 1 253 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031