Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Азамат" командасы турнирдің жеңімпазы атанды

"Азамат" командасы турнирдің жеңімпазы атанды

«Евразия» спорт кешенінде жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өткізілді.
Турнирді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Б.Шалғынбаев атындағы қор.
Биыл жиырма екінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 19 команда қатысты.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық«Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Зенит» командасын ұтты.Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды.
Үшінші орынды «Ынта», төртінші орынды «Олимпик» командалары еншіледі. Айта кетейік, жүлделі орындарды Қызылорда облысының командалары алды.
Турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен Қанат Жұмабеков («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» - Кирилл Ермолов («Ынта» командасы), «Үздік шабуылшы» - Андрей Шлема («Зенит» командасы), «Мерген ойыншы» - Дмитрий Давыдов («Олимпик» командасы), «Үздік ойыншы» - Нұрәлі Байдулла («Азамат» командасы)марапатталды.
Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командаларына ақшалай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.
27 наурыз 2018 ж. 1 577 0

Наурызнама: Жаңару күні

19 наурыз 2026 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031