Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дубайдан қос қоламен оралды

Дубайдан қос қоламен оралды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қала­сында каратэден әлем чемпионаты өз мә­ресіне жетті. Ерлер мен әйелдердің жекелеген сайысын Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелері қос қола медальмен қорытындылады, деп хабарлайды egemen.kz
Қазақстанда каратэге деген қызығушылық қай кезде де ерекше болатын. Республикамыздың әр аймағында есіктерін айқара ашқан үйірмелерге балалар мен жеткіншектердің, жастар мен ересектердің көптеп бас сұғуы жоғарыда айтылған сөзіміздің айқын дәлелі. Бұқаралық спорт бар жерде нәтиженің де болатыны белгілі ғой. Соның нәтижесінде жерлестеріміз аса ірі халықаралық жарыстардан үнемі олжа­мен оралып жүр. Ал Олимпия ойын­дарының бағдарламасына еніп, каратэшілеріміз Токио төрінде күш сынасу құрметіне ие бол­ғаннан соң спорттың бұл түріне деген қызығушылық одан әрі арта түсті. Осыдан үш айдан аса уақыт бұрын Жапонияның астанасында өткен жарыста Дархан Асәділов пен София Бе­рульцева қола медальді ие­ле­ніп, көк байрағымызды биікте желбіреткенде барша қазақ жан­күйерлері қуаныш пен шаттыққа бөленген еді.
Кеше ғана жер-жаһанның ең мықты каратэшілері Дубайда бас қосты. Сол жарыста 68 кило сал­мақта сынға түскен То­кио Олимпиадасының қола жүл­­дегері София Берульцева үшін­ші орынға табан тіреді. Ше­­шуші тұста ол сербиялық Ива­на Перовичті сан соқтырды. 75 кило салмақта күш сынасқан Нұр­­қанат Әжіханов та дәл сол межеден көрінді. Қола медаль үшін бәсекеде 20 жастағы қан­­­дасымыз Бельгияның бет­кеұстар спортшысынан басым түс­ті. Сол секілді Мөлдір Жаң­быр­бай (50 кило) мен Қайсар Ал­­пысбайдың да (60 кило) жеңіс тұ­ғы­рына көтерілуіне жақсы мүм­­­кіндіктері болды. Өкінішке қарай, бірі Украина, екіншісі Ма­рокконың өкіліне есе жіберіп, бесінші орында қалып қойды.
22 қараша 2021 ж. 683 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930