Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қола қолда, алтын алда

Қола қолда, алтын алда

Төрт жыл сайын әлем халқы асыға күтетін Жазғы олимпиада ойындары биыл күншығыс елінде өтіп жатыр. Ел намысын арқалаған қазақ спортшылары 19 спорт түрінен бақ сынауда.
Олимпиада қазақ елі үшін сәтті басталды. Дзюдоист Елдос Сметов үшінші орынға таласта қарсыласын айқын басымдықпен Қазақстан қоржынына алғашқы қоланы салып, ел абыройын асқақтатты. Араға күн салып ауыр атлетикадан екінші қола жүлдені иемдендік. Мұны алған жас болса да жоғары нәтиже көрсеткен Игорь Сон болатын. Артынша осыдан 8 жыл бұрын Лондон төрінде гимнді шырқатқан ауыр атлетші Зульфия Чиншанло да бұл жолы қола жүлдені қанағат қылды.
Арада бірнеше күн өтіп қоржын құр қалғандай көрінген. Алайда 91 кг салмақпен сынға түскен Қазақстан бокс құрамасының капитаны, Токио төрінде көк туды алып шыққан ­боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда сүрініп, төртінші қоланы қанжығалады. Сол секілді 52 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Сәкен Бибосынов та үшінші орыннан асып кете алмады.
Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев: «Барлығы бабында болды. Бірақ Олимпиададағы психологиялық қысым өз кесірін тигізді», – деді.
Одан соң 57 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан палуан Нұрислам Санаев үздік үштіктен көрінді. Ал каратэші Дархан Асаділов Токио төрінде кезекті қола медалді еншіледі.
Қазіргі таңда ел қоржынында 7 қола бар. Токиодағы бәсеке 8 тамызға дейін жалғасады. Қазақ халқы алдағы күндері жеңіс туы желбірейтініне сенімді.
Дина БӨКЕБАЙ

07 тамыз 2021 ж. 715 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930