Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің жаттықтырушысы допингпен ұсталған Альваресті жазалауды ұсынды

Головкиннің жаттықтырушысы допингпен ұсталған Альваресті жазалауды ұсынды

 
  Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жаттықтырушысы Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті (49-1-2, 34 КО) жазалаудың жолдарын ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
«Канело» қарымта кездесуге 2 ай уақыт қалғанда ұсталып қалды. Бірден оның екі сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылды. Мексикалық боксшының командасы мұны тағамға қосылып кеткен деп ақталып отыр. Алайда Абель Санчес мұндай дәлелдер орынсыз екенін айтып, «Альверестің ісі» әділетті тергеледі деген үмітте екенін жасырмады.
  «Менің тарапымнан бұл тақырыпты өз мақсатыма көздеп, сөз қозғау әдепсіздік болар еді. Менің ойымша, сарапшылар мұқият зерттеу жүргізу қажет. Мен мұндай істі «жылы жауып қоя салуға болмайды» деген пікірдемін. Бұл – бокс үшін және біздің спорттың болашағы үшін қауіпті. Оған өзінің «таза» екенін дәлелдеу керек еді немесе ол спорттан шеттетіліп, айыппұлды төлеу қажет болатын. Егер тиісті шаралар қолданылмаса, бізді проблемалар күтіп тұр», - деді Абель Санчес Sky Sports басылымына берген сұхбатында.
   Сонымен қатар, ол Геннадий Головкиннің аталған жағдайдан кейін қандай көңіл-күйде болғанын айтты.
«Осыдан кейін Геннадийдің көңіл-күйі болған жоқ. Оның «Канелоның» командасынан көңілі қалды. Себебі, олар тамақтану мәселесіне дұрыс қарамаған. Бірақ ол бұл ойынның бір бөлігі екенін біледі. Сондықтан Головкин жаттығуын жалғастыруда. Менің ойымша, барлығы жақсы болады. Біз мәселенің анық-қанығы анықталғанша жаттығуымызды жалғастыра береміз», - деп түйіндеді сөзін Абель Санчес.
  Айта кетейік, осыған дейін Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препарат табылған. Оның командасы мұны тағамға қосылып кеткен деп ақталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп екеуінің де қолын көтерген.
   Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал Альварес өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.
   Ал бұған дейін әлемге танымал боксшылардың Канелоны спорттан біржолата аластату керек деген пікірлері жарияланған. Сондай-ақ осыған қатысты Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канелоның» допинг ісінің әділ тергелетініне күмәнмен қарайтынын айтқан болатын.

Baq.kz
14 наурыз 2018 ж. 1 519 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930