Боксшылар «Канелоны» өмір бойына спорттан аластауды талап етіп жатыр
Ирландиялық боксшы Эрик Донован (7-0, 4 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (49-1-2, 34 КО) допинг-сынақтан өте алмағаны үшін спорттан өмір бойына шеттетуді ұсынды, – деп хабарлайды.
Альварестің сынамасынан кленбутерол деген тыйым салынған зат табылған. Боксшының командасы мұны тағамға қосылып кеткен деп ақталып отыр. Алайда Канелоның екі реткі допинг-сынамасынан аталған тыйым салынған зат табылған.
Донованның пікірінше, Альварес жазалануы тиіс, себебі мексикалық боксшы препаратты қасақана қолданған болуы мүмкін.
«Кленбутерол жеңіл препарат емес, етпен келді дей алмайсың. Бұл Амстердамда қаныңнан марихуана шығып тұрса да, тәтті наннан деп ақталғандай күй. Препарат майды жойып, бұлшықет массасын өсіреді және демалуға көмектеседі. Мұны қасақана қабылдасаң, қатты зақым келмейді. Өмір бойына шеттету керек», – деп жазды ол Twitter желісінде.
Боксшының бұл пікірін аса ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық Эдди Чемберс (42-5, 23 КО) қолдады. Оның айтуынша, «Альварестің ісі» жазамен аяқталуы тиіс.
«Спортшы мықтылығын арттыру үшін әлдене қолданса, масқара болады. Бокс – спорт, мұнда қарсыласыңа зақым келтіруің керек. Сондықтан допингпен ұсталсаң, ақталу емес, салдары болуы тиіс! Мексикалық сиырлар ақталу үшін жақсы сылтау болды. Алайда GGG «Канело» жекпе-жегіне көп ақша жұмсалады, бірдеңе бола қалса сұмдықтың куәсі боламыз», – деп жазды Чемберс.
Есретіңізге сала кетейік, бұған дейін Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші жекпе-жегінің қарсаңында допинг қолданды деген ақпарат тараған болатын.
Ал боксшылардың реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді деп жоспарланған болатын. Әзірше, жекпе-жекті өткізбеу немесе уақытын өзгерту туралы ешқандай ресми хабарлама таратылмаған.
Baq.kz