Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ысмағұлов бразилиялық файтерді жеңді

Ысмағұлов бразилиялық файтерді жеңді

Ресейлік қазақ файтер Дамир Ысмағұлов UFC-дегі төртінші жеңісіне жетті. Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 27 турнирінде Орынбордан келген 30 жастағы файтер промоушен дебютанты бразилиялық Рафаэль Алвесті жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті бірауыздан Дамирға берді. Кездесудің басында Алвес Ысмағұловты нокдаунға жіберді. Бірақ нәтижесінде Дамир бұл шабуылға төтеп беріп қана қоймай, бірінші раундты алып, гардадағы қарсыласын бақылауына алды. Екінші раундта Ысмағұлов бразилиялықты нокдаунға түсірді. Үшінші бес минутта Алвес ва-банкке барды, бірақ бұл оған көмектеспеді.
Осылайша Ысмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл Дамирдің 2019 жылдың тамызынан бергі алғашқы кездесуі. Ол жарақат алып, жарты жылдан аса уақыт жекпе-жектерге шыға алмаған.  
23 мамыр 2021 ж. 2 059 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031