Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда тұратын 83 жастағы желаяқ қария Түркиядағы жарыста чемпион атанды

Қазалыда тұратын 83 жастағы желаяқ қария Түркиядағы жарыста чемпион атанды

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 83 жастағы тұрғыны Аққоян Ырсалиев Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды www.inform.kz.
Халықаралық жарыста түркиялықтармен бірге Франция, Германия және Қазақстаннан жасы сексеннен асқан спортшылар қатысты. Жүгіруді жастайынан жанына серік еткен қазалылық қария мыңнан астам желаяқтың арасында алтын медальді ұтып алды.
Теміржол саласының ардагері Аққоян Ырсалиев жастайынан салауатты өмір салтын ұстанады. Оқушы кезінде бокспен айналысқан. Азаматтық борышын әуе-десант әскері қатарында өтеген ол парашютпен 281 рет секірген.
Бүгінде қария ардагерлер арасында өтетін дойбы, шахмат, нысана көздеу, жүгіру жарыстарында жүлделі орындар алып жүр. Сондай-ақ, күн сайын таңертең жүгіріп, жаттығу жасайды. 2011 жылдан бері Алматы марафонына қатысып жүр. 2015 жылы аталмыш жарыста алтын медаль алды.
Сергектікті серік еткен қария күн сайын кемінде 10 шақырым жүгіреді. Ал жарысқа барар алдында 30 шақырымды бағындырады.
12 наурыз 2020 ж. 777 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 71

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031