Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаннұрдың жеңісі

Жаннұрдың жеңісі

Осы жылдың 21-26 қаңтар күндері Екібастұз қаласында өткен бокстан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 50 келі салмақ дәрежесі бойынша Жаннұр Әділбек қола жүлдегер атанып, жеңістің тұғырынан көрінді.
Жаннұр Бекарыстан би ауылының тумасы. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде 5-сыныптан бастап аталған ауылдағы Азамат Құтпанбетов жетекшілік ететін бокс үйірмесіне қатыса бастады.
Талантты боксшы 2015 жылы аудан біріншілігінде топ жарып, сол жылы облыстық жарыстан 1 орын иеленді. Бұдан кейін Оңтүстік аймақтың чемпионатында үшінші орынды қанжығасына байлады. Сол жылы Степногорск қаласында өткізілген Қазақстан чемпионатында да үшінші орынға қол жеткізді. 2016 жылы облыс біріншілігінде топ жарып, Луговойда өткен Оңтүстік аймақтық чемпионатында және 2017 жылы Балхаш қаласында өткен республикалық турнирде үшінші, Тараз қаласында өткізілген ҚР еңбек сіңірген спорт шебері М.Мәзімбаевтың жүлдесіне арналған ҚР Оңтүстік батыс аймақтық чемпионатында бірінші орынды иеленді.
Жаннұр Әділбек Қазіргі таңда Қазалы гуманитарлық техникалық колледжінде денешынықтыру мамандығында 1 курс студенті. Оның жаттықтырушысы Азамат Құтпанбетов жас боксшының болашағынан зор үміт күтеді.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ.
01 ақпан 2018 ж. 2 561 0

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 181

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031