Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада-2018. Пхенчханға баратын спортшылардың тізімі жарияланды

Олимпиада-2018. Пхенчханға баратын спортшылардың тізімі жарияланды

Қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен 57 олимпиадалық лицензия алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметіне сүйеніп.

Ең көп жолдама биатлоннан берілді, Қазақстан құрамасында  10 спортшы Пхенчханға барады. Командаға мына спортшылар енді: Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина және Елизавета Бельченко. Қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан мына сайыстар өтеді: спринт, ізге түсу, жекелей сайыс, масс-старт, аралас эстафета және эстафета.

Фристайлдан ел намысын 9 спортшы қорғайды (үш ер адам, алты әйел). Могул сайысында Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Амренова өнер көрсетеді. Акробатикада жарыс жолына Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмұрзаева және Ильдар Бадрутдинов шығады.

Шаңғы жарысында жеті спортшымыз тізімге ілінді (төрт ер адам, үш әйел). Алексей Полторанин, Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна Шевченко мен Елена Коломина Пхенчханда медальға тартысады.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жеті спортшыны Олимпиадаға апарады (бес ер адам, екі әйел). Олар - Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғәлиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Мерсаид Жақсыбаев, Анастасия Крестова мен А Йонг Ким.

Коньки тебуден Каннындағы мұз айдынға алты спортшымыз шығады (бес ер адам, бір әйел). Бұл спорт түрінен ел намысын мына спортшылар қорғайды: Роман Креч (500, 1000 м), Станислав Палкин (500, 1000, 1500 м), Артем Крикунов (500 м), Федор Мезенцев (1000, 1500 м, масс-старт), Денис Кузин (1000, 1500 м) және Екатерина Айдова (500, 1000, 1500 м).

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық үш спортшымыз сайысқа түседі (бір ер адам, екі әйел). Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Имамбек өнер көрсетеді.

Тау шаңғы спортынан Қазақстан екі спортшыны тіркеді (ер адам, әйел). Олар Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева.

Шана спорты мен трамплиннен секіруден екі спортшымыз өнер көрсетеді. Ел намысын Пхенчханда Никита Копыренко (шана спорты) мен Сергей Ткаченко (трамплиннен секіру) қорғамақ.

Естеріңізге сала кетсек, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.

30 қаңтар 2018 ж. 2 614 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930