Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кейбір ресейлік телеарна көрсетілмеуі мүмкін

Қазақстанда кейбір ресейлік телеарна көрсетілмеуі мүмкін

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елімізде кейбір ресейлік телеарналардың көрсетілуіне шектеу қою мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Қазіргі таңда аталған мәселеге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл телеарналар мен жеке кабельдік операторларға қатысты. Мұнда телеарналар Қазақстан Республикасының аумағында өз өнімін көрсеткені үшін тарифтің бағасын көтергісі келеді. Менің білуімше, бұл «НТВ» мен «Россия» телеарналарына қарасты телеарналар», – деді ведомство басшысы.
Дәурен Абаевтың пікірінше, тараптар алдағы уақытта аталған мәселеге байланысты ортақ шешімге келетін болады.
«Мұндағы мәселе телеарналарға шектеу қою немесе тыйым салуға байланысты емес. Бұл – бизнес процесс. Олар ақшаны көп төлеуі мүмкін немесе ұсынылған талаппен келіспеуі мүмкін. Бірақ тариф бағасының көтерілуімен келіскен басқа кабельдік операторларда (жоғарыда аталған – автор) телеарналар қалады», – деді Дәурен Абаев.
Сөз соңында ақпарат министрі аталған мәселе қай операторға байланысты екенін жеткізді.
«Менің білуімше, мәселе ID-TV-ға байланысты», – деді ол.
04 желтоқсан 2017 ж. 1 636 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 203

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930