Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам ағзасындағы қызықты өзгерістер

Адам ағзасындағы қызықты өзгерістер



Адам – қызық жаратылыс. Олардың ағзасындағы болып жатқан түрлі үрдістер адамның денсаулығынан хабар береді. Адам денесінің сіз білмейтін ерекшеліктері де бар.
1. Адамның табан өлшемі жас ұлғайған сайын өсе ме? Жылдар өткен сайын сіңір мен буын әлсірейді. Әсіресе, артық салмақпен қиналатындар мен диабет ауруына шалдыққандарда бұл белгі жиі байқалады. Соның әсерінен табан өлшемі ұлғаяды. 70-80 жасқа келгенде адамдардың аяқтары 1 өлшемге артады.
2. Неге әйелдер тоңғақ келеді? Әйел адамдарда тері астындағы майлар көп болғанымен, олар дене бөлігінде орналасқан. Олар ішкі ағзаларды жылытады. Сондықтан, саусақтың бастары жиі мұздайды. Ал, қол мен аяқ тоңған кезде бүкіл ағза салқындықты сезеді.
3. Қарттардың өзіне тән иісі бола ма? Иә. Сонымен қатар, жастар мен орта буынның да өзіне тән иісі бар. «The Smell of Age: Perception and Discrimination of Body Odors of Different Ages» атты зерттеу жұмысына сүйенсек, қарт адамдардан екі топқа қарағанда жағымды иіс шығады. 4. Неге бөлме температурасындағы кофе дәмсіз? Адамның кейбір дәм сезу рецепторлары бөлме температурасындағы тамақтардың молекуласына сезімтал. Ыстық кофенің ащылығы төмен әрі дәмді секілді. Сонымен қатар, иіс те дәм сезуге әсер етеді. Ыстық кофе, салқынға қарағанда дәмдірек.
5. Неге адамдар қуық толған кезде оянып, ішек толғанда ұйқыдан тұрмайды? Ішектердегі нейрондар тоқ ішектің жұмысын басқарады. Ал, нейрондардың жұмысы циркадты ырғақпен тікелей байланысты. Олардың қызметі адамдардың ішкі сағаты секілді: яғни, таңертең ұйқыңыздан оятып, кешке ұйқыны шақырады. Дәл осы циркадты ырғақ арқасында түнде ішек толғанда ұйқыдан оянбайсыз. Ал қуық күндіз-түні жұмыс жасайды. Бүйрек артық заттарды бөлуді тоқтатпайды. Сондықтан, түнде ояныңыз әбден мүмкін.
6. Саусақ таңбалары не үшін керек? Бұрын ғалымдар заттарды ұстау үшін саусақ таңбалары маңызды деген тұжырыға келген. Бірақ, Манчестер университетінің зерттеушілері саусақтағы таңбалар тегіс заттарды ұстауға кедергі келтіреді деген пікірге тоқталып отыр. Олардың пайымдауынша, саусақ таңбалары саусақты сыртқы қатерден сақтайтын қорғаныш қабаты ғана.
7. Ауа-райына буындардың қандай қатысы бар? Ауа-райындағы өзгерістер кезінде «буыным сырқырайды» дегенді жиі естиміз. Бұл рас па? Бәрі мүмкін. Нашар ауа-райы кезінде атмосфералық қысым кенеттен төмендейді. Соның әсерінен, ағзадағы ұлпалар кеңейеді де, түрлі аурулар мен ісіктердің себепшісі болады.
massaget.kz
29 қараша 2017 ж. 4 826 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930