Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада соңғы 5 жылда 45 жаңа мектеп салынған

Қызылордада соңғы 5 жылда 45 жаңа мектеп салынған

Соңғы 5 жылда Қызылорда облысында 45 мектеп салынған. Соның нәтижесінде апаттық мектептер мәселесі түбегейлі шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш дерек ұстаздар күніне орай өткен салтанатты шара барысында айтылды.
Білім саласы мамандары алдында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов тілектестігін білдірді. Ол ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың білім беру саласындағы жетістіктерін атап өтті.
«Біз білім беру саласына айрықша көңіл бөлеміз. Соңғы жылдары бюджеттен бөлінетін қаражаттың да ең көп бөлігінің әлеуметтік салаға, соның ішінде білім саласына бөлінуі - соның дәлелі. Биыл аймақтың 60% қаржысы әлеуметтік салаларға жұмсалды. Елбасының тапсырмасына сәйкес біздің өңірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді, апаттық мектептер қатары жойылды және 3-6 жас арасындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100% қамтылды. Білікті де білімді ұстаздарымыздың арқасында дарынды оқушыларымыз шетелдерде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында жүлдегер атанып жүр. Биыл мектеп бітірген түлектердің 97%-ы жоғары және арнайы оқу орындарына түсті», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Кәсіби біліктіліктері үшін бірқатар облыс ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, министрліктің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, «Ұстазым, өтермін бір өзіңе басымды иіп...» тақырыбындағы бейнероликтер сайысының жеңімпаздары Арал ауданының №13, Қазалы ауданының №93 және Қызылорда қаласының №222 мектептерге (ноутбук табысталды.
Атап өтейік, 2018-2019 жаңа оқу жылында аймақтағы 293 мектепте 20 466 мұғалім қызмет етеді. Ал мектептерде 153 541 оқушы білім алады.
Облыс әкімі баспасөз өызметінің хабарлауынша, жаңа оқу жылында Қазалы және Жаңақорған аудандарында 300 орынға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан басқа, жылдың соңына дейін Аралда 300 орынға және Қызылордада 600 орынға арналған мектептер салынады.
5 жылдың ішінде облыста 45 мектеп, оның ішінде 37-сі апаттық мектептің орнына салынды. Қазіргі таңда аймақтағы орта мектептерге толықтай кеңжолақты интернет тартылып, электронды «Күнделік» жүйесіне қосылған.
04 қазан 2018 ж. 1 195 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930